- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында табиғи газды өндіру 3 айда 4,6 пайызға артты
Маңғыстау облысында табиғи газды өндіру 3 айда 4,6 пайызға артты
«2015 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысының 2014 жылы халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында берген тапсырмаларына және мемлекеттік, стратегиялық және салалық бағдарламаларға сәйкес жүргізілді. 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 392 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді»,-делінген хабарламада.
Ал, тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласында қызмет ететін салалар 351,6 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді. Нақты индекс көлемі 100,6 пайызды құрады.
Осы бағытта таратылған ақпараттарға сәйкес, есепті кезеңде 4,6 миллион тонна мұнай өндірілген. Өсім 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайыз. Табиғи газды өндіру 4,6 пайызға артып, 543,5 миллион текше метр болды. Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,3 пайызға өсіп, 17,8 миллиард теңге болды. Резина және пластмасса өндірісінде де өсім байқалады. Бұл көрсеткіш 2,6 есеге көбейіп, химия өнеркәсібі саласындағы өнім 2,9 пайызға артты. Ал, тағам өнеркәсібі 11,1 пайызға артық өнім шығарып отыр.
2015 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында негізгі капиталға деген инвестициялар көлемі 92,5 миллиард теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 пайызға жоғары болып отыр.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды