- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен ҚХА-ның XXII сессиясы өтеді
Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен ҚХА-ның XXII сессиясы өтеді
«Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысады. Олардың арасында еліміздің барлық аймақтарындағы Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы орган жетекшілері, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашылық интелегенция, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары бар»,-делінген хабарламада.
ҚХА-ның XXII сессиясының қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, оның барысында ҚХА қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Айта кететін мәселе, ҚХА-ның XXII сессиясы осы ұйымның 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл ҚХА жылы болып жарияланды. Үкіметтің қаулысымен Ассамблея жылы мен Конституцияның 20 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу туралы ұлттық жоспар бекітілді.
Естеріңізге сала кетейік, 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа институтын құру туралы Жарлыққа қол қойды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді