- Басты
- Жаңалықтар
- Литвалық және украиналық педиатрлар астаналық әріптестерімен тәжірибе алмасуда
Литвалық және украиналық педиатрлар астаналық әріптестерімен тәжірибе алмасуда
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, шара мақсаты – жарақат алған, қимыл-қозғалыс аппараты, омыртқа ауруларына шалдыққан және түрлі дәрежеде күйік алған балаларды емдеуде инновациялық әдістер енгізу болып табылады.
Оқытуды Вильнюс университетінің Сантаришкес балалар ауруханасының мамандары: Литва Республикасының құрметті дәрігері, омыртқа өзгергенде, жамбас буыны тайғанда және сал ауруы кезінде хирургиялық емдеудің Литвада негізін қалаушы, профессор Санюкас Кестутис және осы клиниканың күйік аурулары бөлімінің меңгерушісі, Литва хирургтары қоғамының және Балтық елдері хирургтары қоғамының, Еуропаның балалар күйігі клубының мүшесі, профессор Дайнюс Гележаускас жүргізеді.
Сонымен қатар, Литвадан келген мамандар астаналық дәрігерлермен бірлесіп, күйік және травматология бөлімдерінде ем алып жатқан балаларды қарап, кеңес береді.
Сондай-ақ, №1 қалалық балалар ауруханасында менторлық бағдарлама бойынша оқыту өткізілді. Оған Украинаның (Харьков қ-сы) Медициналық ғылымдар ұлттық академиясының В.Т.Зайцев атындағы Жалпы және жедел хирургия институтының мамандары шақырылды. 23 наурыз бен 21 сәуір аралығында украиналық дәрігерлер астаналық педиатр мамандармен бірлесіп, науқас балаларды күн сайын қарап, кеңес беріп, ем жасады. Әсіресе, балалар реаниматологиясы мен қарқынды терапияға ерекше көңіл бөлінді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар