- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚХА - 20 игі іс» - «Тайқазан» акциясына 1,5 млн астам адам қатысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«ҚХА - 20 игі іс» - «Тайқазан» акциясына 1,5 млн астам адам қатысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«ҚХА - 20 игі іс» - «Тайқазан» эстафетасы мемлекетіміздің барлық аймақтарын аралап Астанаға оралды. Бейбітшілік және Келісім сарайының алдында эстафета символы «Тайқазанға» құрмет көрсетілді.

«2015 жылды Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ҚХА жылы деп жариялады. Менің ойымша ҚХА жылы 20 игі іс және оның символы «Тайқазанның» болуы ол заңдылық. Себебі біздің елтаңбамыздағы шаңырақ бірлікті білдіреді», - деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов салтанатты шара барысында.


Ералы Тоғжановтың айтуынша, тек «Тайқазан» ғана біздің өткенімізді алып келіп, бүгінімізді біріктіре алды.

«Биылғы жылдың 6-шы ақпанында ҚХА жылы және «ҚХА 20 ізгі іс» акциясы басталды. Біз шартты түрде алғанда 20 ізгі іс деп айтамыз, ал шын мәнінде атқарылған ізгі істер өте көп. Кейбір облыстарда 100-ден астам ізгі істер жасалды. Бүгін «Тайқазан» Астанаға қайта қайтарылды»,-деді Астана қаласының түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аскер Пириев «Тайқазанды» қарсы алу салтанатты шарасы барысында.

«Қалада көптеген қайырымдылық акциялары өтті. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындарға, қарттарға, балалар үйлеріне, интернаттарға көмек көрсетілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай аллея отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Елдегі әрбір этнос осы мерекеге өзінше серпін беруге тырысты. Бұл біз үшін ең басты мереке»,-деді Астана қаласының кәріс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак шара барысында.





«Тайқазан» нышанын қарсы алу салтанатты шарасы театрландырылған көрініс ретінде өтті. Бүгін өтетін ҚХА XXII сессиясының қатысушылары еліміздің барлық аймақтарында атқарылған ізгі істер туралы толық біле алады.
Ботагоз Айтжанова
Азамат Алиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды