- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев еліміздегі Ардагерлер ұйымының өңірлік филиалдарының басшыларымен кездесті
Б.Сапарбаев еліміздегі Ардагерлер ұйымының өңірлік филиалдарының басшыларымен кездесті
Кездесуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы талқыланды, сондай-ақ ардагерлерді әлеуметтік қолдау шаралары қаралды.
Жоспардың орындалу барысы туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова хабардар етті.
«Ұлттық банк 207 923 мерейтойлық медаль әзірлеп, жергілікті атқарушы органдар оны табыстауға кірісіп кетті. Әкімдіктерге мақсатты трансферттер түсіп, ҰОС қатысушылары мен ардагерлерге біржолғы материалдық көмек төлене бастады. Осы мақсатқа барлығы республикалық бюджеттен 5,8 млн теңге көзделді», - деп хабарлады ол.
Министрдің айтуынша, Астанадағы мерекелік шараларға - 260, Мәскеудегі шараға 6 соғыс ардагері қатысады.
«2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті бюджет қаражатынан 32,5 мың ардагерге сомасы 1,1 млрд. теңге біржолғы материалдық көмек көрсетілді. 82 ҰОС қатысушы мен ардагеріне тұрғын үй берілді; 13 мың ардагерлердің үйлеріне күрделі жөндеу жүргізілді, 31,6 млн. теңгеге пәтер телефондары орнатылды; 17,6 ардагер 72,4 млн теңгеге дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді», - деп қосты Т.Дүйсенова.
Бұдан басқа, ардагерлерге басқа да әлеуметтік қөмектер көрсетілді, олардың ішінде темір жол көлігінде жеңілдікпен жүріп-тұру, санитарлық-курорттық ем алу, коммуналдық қызметтер төлеу және т.б. бар.
Кездесуді қорытындылаған Премьер-Министрдің орынбасары: «Ардагерлерге қамқор болу, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады» деп атап өтті.
«Бүгінде егде адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жүзеге асырылуда. Жыл сайын зейнетақы, өзге де әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайып отыр. Әлеуметтік заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік органдардың міндеті мемлекеттің әлеуметтік саясатын сапалы іске асыру», - деді Б.Сапарбаев.
Вице-премьер Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен, «ҚР Ардагерлер ұйымымен» бірлесіп мұрағаттық анықтама мен өзге де растайтын құжаттарды сұратпай, азаматтардың туылған күніне қарай ҰОС кезеңіндегі еңбек өтілін белгілеу тәртібін жеңілдету мәселелерін пысықтау тапсырмасын берді.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға Ардагерлер үйі қызметіне арналған «ҚР Ардагерлер ұйымы» өңірлік филиалдарын үй-жаймен қамтамасыз ету ұсынысын беруді тапсырды.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Коммунистік партия ауған соғысы ардагерлерінің мәселесін көтерді -
Еліміздегі спорт клубтарын мемлекет бюджетінен қаржыландыру қашан тоқтайды -
Еліміздегі медиацияның ахуалы қалай