- Басты
- Жаңалықтар
- «Менің Қазақстаным» пойызының барлық шараларына 960 мың қазақстандық қатысты (Фото)
«Менің Қазақстаным» пойызының барлық шараларына 960 мың қазақстандық қатысты (Фото)
«Менің Қазақстаным» пойызы 12 мың км жүріп өтіп, 27 жергілікті пунктте болды. «Менің Қазақстаным» пойызы 30 күн ішінде 29 кіші және ауылдық жерлерді аралады.
«Міне, біздің 12 мың км сапарымыз өз мәресіне жетті. 30 күн ішінде біздің команда 27 жергілікті пунктке тоқтады. Жергілікті жерлердің тұрғындарына консультативтік, дәрігерлік көмек көрсетілді. Шараға әнішлер мен депутаттар қатысты. Пойыз қауымын тұрғындар құшақ жая қарсы алды», - деді «Менің Қазақстаным» пойызының жетекшісі Руслан Барбасов.
Айта кетерлігі, шара аясында акция қатысушылары келісім мен бейбітшілікті сақтауға арналған шараларға қатысты, семинарлар-тренингтер өткізілді, заңгерлер, аграрилер және дәрігерлер өз кеңестерін өткізді. Сондай-ақ, ҚХА «Теңдессіз өнер» атты қайырымдылық акциясын өткізді, ол кітапханаға кітап жинақтарының тапсырылуын қарастырады.
Бұған қоса акцияға қатысушылар ҰОС ардагерлері, көпбалалы отбасылар сияқты өзге де қоғамның әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына көңіл бөлді.
Айта кетейік, "Менің Қазақстаным" пойызы" акциясының аясында еліміздің барлық аймақтарын «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздары аралап шықты. Бұл ретте «Менің Қазақстаным» пойызы" акциясы аясындағы Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауларына 321 адам келіп, өздерінің жекелеген және жалпы қоғамдағы мәселелерге қатысты ойларымен бөлісті.
Осылайша, әлеуметтік мәселелер бойынша 1 мың 893 адамға ақыл-кеңес берілді. Олардың арасында 1 мың 616 адам ауыл шаруашылығы бойынша, 1 мың 32 адам заңдық көмек сұрады. Олардың арасында 51 мәселе сол жерде шешілді. Жалпы алғанда «Менің Қазақстаным» пойызы" шарасына қатысушы азаматтар саны 960 қазақстандықты құрады.
Индира Кауметова
Фото Азамат Алиев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады