- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық 6 ҰОС ардагері Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады
Қазақстандық 6 ҰОС ардагері Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысады
Ресей Федерациясына Астанадан, Алматыдан, Қарағандыдан, Павлодардан, сондай-ақ Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан Ұлы Отан соғысының алты ардагері барады. Соғыс ардагерлерін медицина қызметкерлері алып жүреді.
Біздің ардагерлеріміздің Мәскеуге сапары және әскери парадқа қатысуы – жан тебірентерлік оқиға. Өйткені 70 жыл бұрын дәл осы қалада ардагерлердің көбі Ұлы Жеңісті қарсы алған еді. Сонымен қатар еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан Ұлы Отан соғысына қатысқан 250-ден аса ардагер 6-9 мамыр күндері елордада өтетін Жеңіс мерейтойы арналған мерекелік іс-шаралардың құрметті қонақтары болмақ.
Деректер бойынша биыл сәуір айының басында елімізде 4 715 Ұлы Отан соғысының қатысушылары тұратыны анықталды. Мұрағат мәліметтеріне сәйкес 1941 жылы майданға барлығы бір жарым миллионға жуық қазақстандық аттанған. Олардың жартысынан көбі ұрыс даласындағы шайқастарда және фашистік концлагерлерде тұтқында қаза болды. Сонымен қатар қазақстандықтар тылда армияны отынмен, қарумен, оқ-дәрілермен, тамақпен және киіммен жадбықтау үшін тынбай еңбек етіп, үлкен қайсарлық танытты.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді