• Басты
  • Жаңалықтар
  • Лицензия берген кәсіпкерлерден келген зиян үшін қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылуы мүмкін

Лицензия берген кәсіпкерлерден келген зиян үшін қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылуы мүмкін

10 Қазан, 2013 12:12
«Ескерту және рұқсат беру туралы» жаңа заң жобасы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері лицензия берген кәсіпкерлерден келген зиян үшін мемлекеттік қызметкерлердің өздері жауапқа тартылуы мүмкін, деп мәлімдеді «Атамекен» Кеңесі» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы заң жобасының таныстырылуында Аймақтық даму министрлігі кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Ерлан Бұзырбаев.

Заң жобасында «үнсіздік келісімнің белгісі» ұстанымының енгізілуі де қарастырылған.

«Мемлекеттік орган бекітілген уақытта рұқсатты бермеген жағдайда лицензияны немесе дәлелді бас тартуды өзінің жауапкершілігімен рұқсат беруі тиіс», - деді Е. Бұзырбаев.

Сонымен қатар, заң жобасына сәйкес, кәсіпкерлерге рұқсат беретін мемлекеттік орган 2 күннің ішінде құжаттардың кешенділігін тексеруге міндетті болмақ.

 

Барлық жаңалықтар