- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО ТЖД қызметкерлері тыл еңбеккеріне мерекелік медаль табыстады
СҚО ТЖД қызметкерлері тыл еңбеккеріне мерекелік медаль табыстады
Александр Васильевич Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық қорғаныс штабында оқыту орталығында оқытушы болып 20 жылдан астам қызмет атқарды. Ол бұл қызметке өткен ғасырдың 70 жылдарында келіп, құрметті демалысқа 1993 жылы кеткен болатын.
Өзінің еңбек тәжірибесінде ұжымшарлар мен кеңшарларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға АҚ құжаттарын әзірлеуде баға жетпес көмек көрсетті, халықты жойғыш құралдардан қорғану тәсілдерін, бейбіт және соғыс уақытында әрекет ету тәртібіне, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздеріне оқытты. Оның барлық әріптестері де зейнеткерлер және олар осынау ақжарқын, адал адам туралы жақсы лебіздерін білдіріп, ол оқыған дәрістердің тыңдаушылар үшін әрдайым қызықты өтетіндігі жайлы естеріне алып, ұжымда сый-құрметке ие болғанын да айтты.
Қазір Александр Васильевич 82 жаста. Ал Ұлы Отан соғысы басталғанда ол 8 жаста ғана еді. Сол сұрапыл жылдар туралы әңгімелеуді жақтырмайды, өйткені соғыс жылдары туылған балалар ерте есейіп, ауыртпашылықтың ащы дәмін де ерте сезінген-ді. Буыны қатпаған балалардың мойнына отбасының бар міндеті артылып, басқа түскен бар қиыншылық оларды ерте күннен жігерлендіріп, шыңдай түсті. Қызмет ардагері тек өмір бойы осы Петропавл қаласында тұрып келе жатқанын айтты. Осы жерде институтты бітіріп, отбасын құрған...
Ол өзінің күнделікті еңбек еткен жылдарын ерекше ыждаһатпен еске ала отырып, көптен көріспеген әріптестерін де сұрастырып отырды. Денсаулықтың бұрынғы белсенді өмір салтын құруға мүмкіншілік бермей отырғанын да тілге тиек етті.
Александр Васильевич барша Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған мерейтойлық медаліне, берілген марапатқа риза болды. Ол СҚО ТЖД қызметкерлерінің келіп, назардан тыс қалдырмағандарына алғысын айтып, ведомствоның офицерлеріне абыройлы қызмет етіп, Отанымыздың сенімді ұлдары болып қалу тілегін білдірді.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам -
Жосықсыз жарнамадан қашан құтыламыз -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
ШОБ-ты қолдау: Бизнеске жүктеме азайтылып, жаңа реттеу саясаты енгізілмек -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады