• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» фестивалінің облыстық кезеңі өтуде

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» фестивалінің облыстық кезеңі өтуде

22 Сәуір, 2015 20:42
«Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалардың Х республикалық фестивалінің облыстық кезеңі Ақтөбе облысында басталды, деп хабарлады Облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Жұлдызай» фестивалі азаматтардың бейімделуі мен кішкентай балғындардың тұлға болып қалыптасуына көп уақыттан бері үлес қосып келуде. 10 жыл ішінде шараға 20 мың қазақстандық қатысты. Оның 3 мыңға жуығы үлкен сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Фестивальдің ақтөбелік қатысушыларының саны  жыл санап өсуде, өткен жылы 116 болса, осы жылы 146-ға тең.

ІБС хабарлағандай, «вокал», «инструменталды орындау», «ыммен ән айту», «би», «қолөнер»  номинациясының жеңімпаздары Астанадағы концертте өнер көрсетеді. Дәстүр бойынша ол 1 маусым- Халықаралық балалар күні өтеді.

 

Барлық жаңалықтар