- Басты
- Жаңалықтар
- 2025 жылы ЕАЭО елдері ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру туралы халықаралық келісімшартты қабылдайды
2025 жылы ЕАЭО елдері ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру туралы халықаралық келісімшартты қабылдайды
«Ресей Федерациясы арқылы мұнай эскпортының 85%-дан астамы, газ экспортының 99,5%-ы өтетіні ескеріле отырып біздің елдеріміз арасында ұзақмерзімді тығыз қарым-қатынастар құрылған. Енді олар ЕАЭЕ елдері арасында ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру арқылы одан ары нығая түседі», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, қатысушы елдер ортақ нарық өз жұмысын бастау үшін ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін газ, мұнай мен мұнай өнімдері балансы индикативін құру бойынша әдістемесін жасақтауда. «Бұл негізгі бағыттар мен механизмді анықтайтын техникалық құжат», - деді Мырзағалиев.
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қатысушы елдер ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығы тұжырымдамасын жасақтау керек, онда мақсат пен міндеттер анықталады.
«2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Ортақ нарықты құру бағдарламасын бекітеміз, ол 2024 жылға дейін жүзеге асырылады. Нәтижесінде 2025 жылы ЕАЭО елдері арасында ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру туралы халықаралық келісімшарты қабылданады», - деп түйді энергетика вице-министрі.
Бұдан басқа, М. Мырзағалиев толықтырып өткендей, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын кеңейту, Қашағанды іске қосу Қазақстанның эскпорттық мүмкіндіктерін арттырады.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады