- Басты
- Жаңалықтар
- Германияның өндірістік қалаларында Қазақстанның экономика күндері өтті
Германияның өндірістік қалаларында Қазақстанның экономика күндері өтті
Келіссөздердің күн тәртібінде Қазақстан мен Баден-Вюртемберг арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қатынасты жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, неміс министрі жоспарланған экономикалық аймақтық делегацияны ҚР өзі бастап баратындығын хабарлады.Баден-Вюртембергке сапар барысында қазақстандық дипломат Карлсруэ және Ульм сияқты ірі индустриялық қалаларындағы Қазақстанның экономика Күндеріне қатысты және аймақтың басты компанияларының басшылығымен кездесті.
"Қазақстан жолы -2050: қазақстандық-германдық ынтымақтастықтың жай-күйі және даму болашағы» атты экономикалық форумдар Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасы негізінде Баден-Вюртемберг федералдық жерінің Үкіметі мен Карлсруэ және Ульм қалаларының Сауда-өнеркәсіптік палаталарының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараның мәртебелі қонақтары ретінде Бундестагтың депутаты Аксель Фишер және Еуропалық парламенттің бұрынғы депутаты Элизабет Йеггле қатысты.
Аталған форумдар барысында ҚР Елшісі неміс бизнес-қоғам өкілдерін ҚР «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясатының негізгі жағдайымен және EXPO – 2017 халықаралық көрме шегіндегі инвестициялық мүмкіндіктер бойынша шетелдік инвесторларды қолдауға және қорғауға арналған шараларымен таныстырды.
Өз кезегінде неміс тарапы аймақаралық әрекеттестіктің нық дамуына және еліміздің инвестициялық артуына осындай іс-шаралар мен келіссөздердің маңыздылығы ерекше екенін атап өтті. ГФР-ғы осы аймақтың іскер тобы қазақстандық нарыққа өздерінің қатынасу ынталары мен ниеттерін білдірді.
Форумның жұмысына тамақ және өңдеу өнеркәсібі, жаңартылмалы энергия, логистика және көлік секілді екіжақты ынтымақтастықтағы ең өзекті салаларын талқылаған Баден-Вюртембергтің ресми және іскер топтарының 100-ден аса өкілдері қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру