Прагада Қазақстан мен Чехияның үкіметаралық комиссия отырысы өтуде

10 Қазан, 2013 11:25
9-10 қазан күндері Прагада ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен Чехияның сауда және өндіріс Вице-министрі Милан Говоркидің төрағалығымен Қазақстан-Чехия арасынждағы үкіметқаралық комиссияның отырысы өтуде.

«Бұл күндері Индустрия және жаңа технологиялар Вице-министрі Бақытжан Жақсалиев пен Чехияның сауда және өндіріс Вице-министрі Милан Говоркидің төрағалығымен Қазақстан-Чехия арасындағы үкіметаралық комиссия отырысы экономикалық, ғылыми-тәжірибелік бағыттағы ынтымақтастыққа арналды», - деп хабарламада нақтыланды.

Кездесуге қатысушылар энергетика,көлік, ауыл шаруашылық, өндіріс саласының сұрақтарын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудегі инновациялық мүмкіндіктері қарастырылды.

 

Барлық жаңалықтар