- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО елдері 2015 жылы көлік тасымалдарынан 250 миллион доллар үнемдейді
ЕАЭО елдері 2015 жылы көлік тасымалдарынан 250 миллион доллар үнемдейді
Еуразиялық экономикалық одақтың іске қосылуы барысында 2015 жылы көптеген тасымал түрлерінен үнемделген қаржы көлемі 250 миллион долларды құрайды, деді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметінде.
«Көліктік тасымалдарының тұралап қалмауына жол бермеу - экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артыруға бағытталған жүйелі қадамдар болып есептеледі. Қазақстан арқылы үшінші елдерге Ресей теңіз айлақтары мен темір жол көліктері арқылы жүк тасымалдау барысында ішкі ресейлік тарифтер қолданылуда. Бұл транзиттік емес, керісінше, ресейлік жүк тасымалдаушыларына қойылатын жеңілдетілген тарифтер»,-деді Т.Жақсылықов.
Оның сөзінше, тасымал барысында айтарлықтай қаржы үнемделеді.
«Биылғы жылдың өзінен біз осындай тасымал арқылы 250 миллион АҚШ долларын үнемдегелі отырмыз. Бұл дегеніңіз біздің экономикамызға қосымша түсім, отандық өнім өндірушілердің кірістері»,-деді вице-министр.
ЕАЭО келісімі биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енді. ЕАЭО барлық бағыттар бойынша жаңғырту, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында тұрақты дамуға жағдай жасауға бағытталған.
Индира Кауметова
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру