- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде ҰОС кезеңіндегі мұрағатпен жұмыс істеудің жаңа әдісін іздеу бойынша конференция өтуде
Өскеменде ҰОС кезеңіндегі мұрағатпен жұмыс істеудің жаңа әдісін іздеу бойынша конференция өтуде
Министрлік хабарлағандай, конференция Қазақстан және таяу шетел халықтарының өмірін бір тарихи тағдырдай байланыстырған Ұлы Отан соғысындағы күрделі жеңісті осы күнгі ұғынуға арналған. Ұлы Отан соғысы КСРО-ның кеңес халқының басына ысырап шығындар мен ірі азаптар алып келген жеңісімен аяқталды.
Шара қатысушылары айтып кеткендей, әскери кезеңнің уақиғаларына баға беруде адалдық пен жауапкершілікті, жарияланған, сонымен қатар жария етілмеген дереккөздерімен жұмыстың әдіснамасы мен тәсілін, олардың түпнұсқалылығы мен деректілігін анықтау спецификасын құрауды талап етеді.
«Тарихи оқиғаның толық сипатын мұрағаттық құжаттар бере алады, сондықтан біздің басты мақсатымыз – өткеннің үнсіз куәгерлердің «сөйлеуіне» көмектесу», - деп ойымен бөлісті Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаментінің директоры Әлия Мұстафина.
Мұрағатшы мамандар ірі көлемдегі жарияланған және жарияланғанбаған дерек көздерімен жұмыс жүргізудің, олардың шынайылығы мен нақтылығын тексерудің жаңа әдістемесі мен әдістерін іздестіруде.
Қатысушылар жастардың бойында Ұлы Отан соғыстың фашизмді жеңуде, патриоттық, моральдық-өнегелік құндылықтар мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастырудағы мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ғалымдардың пікірінше, іс бұл тақырыптың зерттелу дәрежесінен ғана емес. Ең бастысы – біздің ата-бабаларымыздың сол қайғылы тәжірибесі туралы жады және де ол ұмытылмау керек, оқиғаларға дұрыс баға беру қажет. Айтылмаған, анықталмаған мәселелер баршылық.
Конференция жұмысында Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Татарстан Республикасының, Башқұртстан ғалымдары, Астана, Көкшетау, Қостанай қалаларының мемлекеттік мұрағаттарының, мұражайлардың, кітапханалардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және т.б. қатысуда.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар