- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да қытайлық инвесторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу зауыты құрылысының жобасын таныстырды
СҚО-да қытайлық инвесторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу зауыты құрылысының жобасын таныстырды
23 Сәуір, 2015 08:36
СҚО-да қытайлық «Wuhan Shilinfuxing Techology & Development Co. Ltd» компаниясының өкілдері аймақ басшысы Ерік Сұлтановқа ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу зауытының құрылысы бойынша жобаны таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Инвесторлар толыққанды өндірісті ұйымдастырмақшы: бидайды егу заманауи технологиясынан бастап бидайды өңдеу және оның қалдықтарын қайта кәдеге жаратуға дейін. Бұдан басқа, олар қосымша мал шаруашылығы фермасын салмақшы. Қытайлық делегацияға қатысушылар жобаға инвестиция салып, 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүдделі екенін жеткізді», - делінген хабарламада.
Қытайлық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас инженері, профессор Гао Джианфенг атап өткендей, Қытайда олардың компаниясы дәнді және майлы дәнді дақылдарды өсіру және оны қайта өңдеумен айналысады. Өндірістік желінің жылдық қуаттылығы 48 млн долл.
Өз кезегінде аймақ басшысы, уәкілетті ведомство басшыларына қытайлық компанияның аталмыш жобасын қарастыруды тапсырды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі