- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғаш рет АӨК қолдауға қажетті инвестициялар қоры құрылмақшы – ҰКП (ФОТО)
Қазақстанда алғаш рет АӨК қолдауға қажетті инвестициялар қоры құрылмақшы – ҰКП (ФОТО)
«Қордың қаржы қоры 18,6 миллиард теңге болады. Инвесторлардың қатарында «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы мен «Алмэкс» компаниясының құрамындағы «Алмэкс жоба» ЖШС бар»,-делінген хабарламада.
ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың айтуынша, жобаға ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қатысады. ҰКП барлық жобалардың экономикалық жағынан негізделгендігін бақылайтын инвестициялық комитет құрады. Бұған қоса, ҰКП бұл бағыттағы жұмыстарға аймақтық филиалдарды да тартуды жоспарлап отыр.
Хабарлама мәліметтеріне қарағанда, тікелей инвестициялар қорына деген сұраныс бүгінде өте жоғары. Ішкі нарықта шағын және орта бизнесті қолдаумен бүгінде екінші деңгейлі банктер айналысуда. Олар бизнесті белгілі бір пайыздық көрсеткіштер негізінде несиемен қамтамасыз етеді де ұзақ мерзімге қажетті соманы бере алмайды. Енді ұзақмерзімді жобаларға қаржы инвестициялық қорлар арқылы бөлетін болады.
«Инвестициялаудың орташа мерзімі 5 жылды құрап отыр. Жалпы алғанда қаржыландыру ортамерзімді негізде 5-7 жыл аралығында жүзеге асырылатын болады. Біз өзіміздің салған әрбір үлесімізді тепе-теңдік жағдайында қаржыландыратын боламыз. Бұл ретте 50 пайызын «Бәйтерек» басқарушы холдингі бөлетін болса, 50 пайызын «Алмэкс» компаниялар тобы береді»,-деді баспасөз-мәслихаты барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады