- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Атырау облысында жылына 30 млн жұмыртқа беретін «Алмалы құс» фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады
ИИДМБ: Атырау облысында жылына 30 млн жұмыртқа беретін «Алмалы құс» фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады
Атырау облыстық ішкі саясат басқарманың хабарлауынша, «Алмалы құс» құс фабрикасы өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған. Махамбет ауданының Алмалы ауылында орналасқан жаңа нысан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған. Осылайша, отандық өнім шығаруда тағы бір үлкен мәселе шешілді деуге болады. Құс фабрикасы «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен «Жігер» шаруа қожалығының бірлескен жобасы. Аталған жобаның аясында 45 жаңа жұмыс орны ашылды. Болашақта кәсіпорынның жұмысы кеңейтіліп, тағы қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарда бар»,-делінген хабарламада.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, құс фабрикасының ерекшелігі ол жерден жоғары сапалы өнім алынады. Қазіргі таңда кәсіпорын өз өнімдерін өткізу үшін аймақтағы бірнеше сауда орындарымен келісім жасаған. «Егер бүгін біздің дүкендерде ресейлік жұмыртқалардың 10 данасы 170-180 теңгеден сатылса, отандық өнім 150 теңгеден саудаланатын болады, мүмкін одан да төмен болатын шығар»,-дейді әкім.
Оның сөзінше, осы уақытта құс фабрикасы құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылуда және кәсіпорынның қуаты екі есеге арттырылмақ. Биылғы жылдың шілде және тамыз айларында үшінші кезең бойынша балапандар әкелінеді.
«Осыған дейін құс фабрикасы тек Құлсары қаласында ғана бар болатын және бұрын жұмыртқа бізге еліміздің өзге аймақтарынан кей жағдайда тіпті шет мемлекеттерден әкелінетін. Келесі жылы екі құс фабрикасының бар екендігін ескерсек, облыста жылына 100 миллион жұмыртқа өндіріледі. Атырау облысындағы сұраныс 80 миллион жұмыртқаны құраса, артылған жұмыртқаларды көршілес аймақтарға саудалаймыз»,-деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Бүгінде аймақта осы тектес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді