- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жылына 5 миллион адам егу шараларымен қамтылады – ДСӘДМ (ФОТО)
Қазақстанда жылына 5 миллион адам егу шараларымен қамтылады – ДСӘДМ (ФОТО)
«Имунносауықтыру аз шығындай отырып, денсаулық пен нақты бір адамға, тіпті барлық тұрғындарға көп пайда келтіретін шаралардың бірі. Вакциналарды пайдалану көптеген аурулардың тарау деңгейін төмендетіп, кей жағдайда тіпті жойып жіберуге мүмкіндік береді»,-деді А.Цой.
Министрдің орынбасарының сөзінше, Қазақстанда жыл сайын түрлі аурулардан 5 миллион адам, соның ішінде 1,3 миллион балалар егіледі.
«Имунносауықтыру саласындағы мемлекеттік саясат жұқпалы арулардың алдын алу, қажет жағдайда жойып жіберуге бағытталған. Тұрғындарды вакцинациялау арнайы ұлттық күнтізбеге сәйкес, тегін жүргізіледі. Ал ұлттық егу күнтізбесі ТМД көлемінде ең үздік болып саналады және ДДСҰ талаптарына сай келеді»,-деді вице-министр.
Оның сөзінше, елімізде егу шараларына мемлееттік тіркеуден өткен вакциналар қолданылады.
«Балаларды кепілдендірілген сапасы бар вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ДДСҰ тарапынан сертификатталған вакциналарды сатып алуда. Вакцинация жұқпалы аурулардан сақтандырудың жалғыз ғана жолы»,-деді А.Цой.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда X Еуропалық имундау апталығы басталды және ол сәуір айының 20-25 аралығында өтеді. Оның мақсаты иммундау шараларынан қалың көпшілікті кеңірек хабардар етіп, сол арқылы егу шараларымен азаматтарды неғұрлым көбірек қамту.
Ботагөз Айтжанова
Фото Азамат Алиев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары