- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» бен «Nabors Drilling International Ltd» компаниясы бұрғылау компаниясын ашады
Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» бен «Nabors Drilling International Ltd» компаниясы бұрғылау компаниясын ашады
«ҚазМұнайГаз» компаниясы хабарлағандай, жаңа біріккен кәсіпорын айналымдағы жұмыс бағдарламасы шеңберінде Теңіз кенішінде бұрғылау жұмыстарын, сондай-ақ болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыратын болады.
«KMG Nabors Drilling Company» ЖШС тиісті екіжақты өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілген «Теңізшевройл» ЖШС-нің ҚР Үкіметі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында құрылды. Келісімге сәйкес «Теңізшевройл» «KMG Nabors Drilling Company»-ға жаңа бұрғылау қондырғыларын сатып алу үшін қаржы бөледі.
Біріккен кәсіпорынды құру қазақстандық үлесті арттыруға, «Nabors» компаниясынан тәжірибе алмасуға, басқару технологиясы мен жүйесін алуға, сонымен қатар ұзақмерзімді болашақта ҚР ірі мұнайгаз жобаларында бұрғылаушы мердігер ретінде тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев атап өткендей, біріккен кәсіпорынды құру ҚМГ үшін бұрғылау саласында жаңа шешімдерге жол ашады.
«KMG Nabors Drilling Company» ЖШС бас офисі Атырау қаласында орналасады және аймақта 200 білікті жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде компанияның 90 пайыз қызметкерлері Қазақстан азаматтары болады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады