- Басты
- Жаңалықтар
- Болашақтықтардың әлеуетін барынша пайдаланып, оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажет – Г.Әбдіқалықова
Болашақтықтардың әлеуетін барынша пайдаланып, оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажет – Г.Әбдіқалықова
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендіру үдерісімен, үміткерлерді конкурстық іріктеудің, оқу мониторингімен және бағдарлама түлектерін одан әрі жұмыспен қамтудың тетіктерімен танысты.
Г.Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған жылдары экономиканың түрлі салалары үшін 7 929 маман, соның ішінде 3 мыңнан аса инженер мен технолог, 600-ге жуық дәрігер, 1 500-ден астам мұғалім, оқытушы, ғылыми қызметкер, 81 PhD докторы, ұлттық және жеке компаниялардың 2 000-нан аса маманы даярланғанын атап өтті.
Мемлекеттік хатшы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде «Болашақ» стипендиясының иегерлерінің әлеуетін барынша пайдалану және оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажеттігі туралы Елбасының айтқан сөзіне айрықша назар аударды.
Г.Әбдіқалықова сондай-ақ стипендиаттармен, түлектермен және шетелдік серіктестермен күнделікті байланысты қамтамасыз етіп отырған Орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесті.
Сонымен қатар, жұмыс бабындағы кеңес өткізіліп, оған Президент Әкімшілігінің өкілдері, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Ұлттық экономика вице-министрі М.Әбілқасымова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Арғандықов қатысты.
Орталық президенті Г.Нығыметов стипендияны жүзеге асыру және 2016-2020 жылдарға арналған стипендияны дамыту жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндады.
Ұлттық экономика министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың келешегіне қатысты бірқатар ұсыныс жасады.
Кездесуді қорытындылай келе, Мемлекеттік хатшы Стипендияны дамытудың алдағы бес жылға арналатын жаңа жоспарын экономиканың барлық салалары үшін нақты бейімделген дербес кадрлар даярлау және стипендия сапасын арттыру тетіктерімен нақпа-нақ байланыстыру қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова «Қазақстан – 2050» стратегиясын, инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын, «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асыру аясында «Болашақ» стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады