• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда дағдарыстан кейінгі әлеуметтік дамудың белсенділігі байқалуда – Нұркатова

Қазақстанда дағдарыстан кейінгі әлеуметтік дамудың белсенділігі байқалуда – Нұркатова

21 Сәуір, 2015 14:52
Қазақстанда дағдарыстан кейінгі әлеуметтік дамудың белсенділігі байқалуда, деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқыту ісі жөніндегі вице-ректор Ләззат Нұркатова Астанадағы сарапшылық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар форумында.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін арнайы мақсаттағы саясат жүргізілуде. Қазақстанда дағдарыс кезінде де дағдарыстан кейін де әлеуметтік саланың оң дамуы байқалуда. Еңбекақы мен жәрдемақылардың қысқару кезінде Қазақстан стипендиялар мен зейнетақыны көтеріп, жаңа жобаларды жүзеге асырып, жұмыс орындарын ашқан бірден-бір мемлекет болды», - деді ол.

Вице-ректор атап өткендей, біздің елде халықты жұмыспен қамту, білім бері мен денсаулық сақтау саласын дамыту  бойынша тәжірибелік барлық шаралар қолданылды.

«ҚР әлеуметтік саясатының негізгі бағыты – әлеуметтік заңнаманың жаңаруы, тиімді қарым-қатынастың қалыптасуы, әлеуметтік-мәдени жаңғыртудың дамуы, мемлекетті басқарудың тиімді жолын табу», - деді Л.Нурқатова.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар