- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның облыстарында су тасқынымен күрес жұмыстары жалғасуда – ТЖК
Қазақстанның облыстарында су тасқынымен күрес жұмыстары жалғасуда – ТЖК
«Ақмола облысында су тасқынымен байланысты жағдай орын алғалы қауіпті аймақтардың қатарына Атбасар қаласы мен Ерейментау, Аршалы, Астрахань, Целиноград аудандарының 12 елді мекені кірді. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлері Целинноград ауданының елді мекендерін аралап шығып, су астында қалған бірқатар үйлерді анықтады. Атбасар ауданында апаттан-құтқару бригадалары тәулік бойына кезекшіліктерін жалғастыруда және олар жоғары деңгейдегі дайындық тәртібіне көшірілген»,-деді Р.Иманқұлов.
Оның сөзінше, Ақмола облысында өткен тәуліктерде тұрғындарды көшіру шаралары орын алмаған. «Солтүстік Қазақстан облысында ағын суларды ағызып жіберу жұмыстары жалғасып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында автожолдарды қалпына келтіру жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Зақымдалған жол бөліктерінде жол белгілері қойылып, баламалы жол ұйымдастырылды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары судың деңгейі төмендеген соң жүргізіледі»,-деді бөлім бастығы.
Оның айтуынша, Павлодар облысының Екібастұз ауданында Бесқауға ауылына алып баратын жолдың зақымдалған жерлері жөнделуде, Бірлік ауылына алып баратын жолды толық қалпына келтіру жұмыстары да жалғасуда.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, еліміздің аймақтарында Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың көмегімен апаттан-құтқару және ескерту, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері