- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасы үлкен бәсекелестік жағдайында өтеді деп күтілуде – Нығметов
2015 жылы «Болашақ» бағдарламасы үлкен бәсекелестік жағдайында өтеді деп күтілуде – Нығметов
"Биылғы жылы республикуалық комиссияның шешімі бойынша 600 шәкіртақы тағайындалып отыр. Шәкіртақылардың көлемі біздің бюджетімізге байланысты. Экономикалық жағдай мен бюджеттік мүмкіндіктер негізінде шәкіртақылардың көлемі құбылып отыруы мүмкін. Биылғы жылға белгіленген шәкіртақылардың шекті көлемі 600»,-деді Ғ.Нығметов.
Статистика бойынша жылына «Болашақ» бағдарламасына 2 мыңнан сәл ғана асатын азаматтар құжат тапсырады. «Әр жылдары бағдарламаға деген бәсекелестік әрқалай болатын. Биылғы жылы бір орынға деген бәсекелестік өте жоғары болады»,-деді акционерлік қоғам басшысы.
Жалпы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде 11 мың 126 шәкіртақы тағайындалып, 7 мың 929 маман дайындалған. Бағдарлама түлектерінің 98 пайызы жұмыспен қамтылды, олардың 45 пайызы өздерінің білім-біліктерін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда пайдалануда, ал 2,5 пайызы ұлттық компанияларда, 11 пайызы халықаралық ұйымдарда, 39,5 пайызы жеке секторда жұмыс істеуде.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 13-сәуірінде «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын тағайындау үшін құжаттар қабылдана бастады. Құжаттарды қабылдау биылғы жылы 3 кезең бойынша жүргізілуде. Олар: 12-сәуір мен 8-мамырды, 8-маусым мен 10-шілдені және 10-тамыз бен 1-қазанды қамтиды.
Камила Амирова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады