- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК әскери қызметшілерінің құрамасы арнайы мақсаттағы топтар арасындағы «Warrior-2015» сайысына қатысады (Фото)
ҚР ҚК әскери қызметшілерінің құрамасы арнайы мақсаттағы топтар арасындағы «Warrior-2015» сайысына қатысады (Фото)
Жарысқа қазақстандық әскери қызметшілер де қатысады. Бұдан өзге ол жерге Қытайдан «Шабулдаушы ақ тұйғын», Колумбиялық «Коммандос», Иорданиялық полицияның арнайы операциялар әйелдер батальоны, Ливандық «Қара пантера», АҚШ «Теңіз мысықтары» және басқа да арнайы бөлімшелер келді. Авиациямен бірге тұтқындарды босату бойынша жасалған шабуыл элементтері, әсерлі парад – аталған іс-қимыл қатысушылардың барлығына таныс, үйреншікті жайт.
Төрт күн бойы барлығы 19 ел мен 43 команда жауынгерлерінен арнайы мақсаттағы топтары арасындағы барлық іс-қимыл бойынша ең мықтысы анықталатын болады. Өткізілетін жарыстың 10 кезеңінің 9-ы командалық құрамда бағаланады. Салтанатты ашылу рәсімінен кейінгі бірінші кезең ғана жеке біріншілік болып саналады. Бұл жерде әр топтан бір арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгері тапаншадан, автоматты винтовкадан және помпалық қарудан жылдам атудан күш сынасады.
Жеңімпаз KASOTC нұсқасы бойынша «Жыл мергені» атағына лайық деп танылатын болады. Қазақстандық жауынгерлерге сайыс кезеңдері оларға өткен жылы жарыстан бері белгілі.
«Біз барлық кезеңге жете дайындалдық. Биыл бірқатар жаңа жаттығулар қосылды. Біз жігіттермен бірлесіп «үздік» сайысуға бар күшімізді саламыз. Жеңіс күніне барша қазақстандықтарға тамаша сый жасағымыз келеді»,- деді біздің команда.
Естеріңізге сала кетсек, осындай жарыстарға қазақстандық әскери қызметшілер төртінші рет қатысуда. Сонымен қатар Иорданиялық полицияның арнайы операциялар әйелдер батальоны тобының қатысуы биылғы жарысты өткен жарыстан ерекшелендіріп отырғанын айта кеткен жөн.
Төрешілердің айтуынша әйелдер батальоны басқа топтармен тең дәрежеде сайысатын болады. «Бұл арнайы мақсаттағы топтардың жарысы. Мұнда ешқандай жеңілдіктердің болуы мүмкін емес» - деп атап өтті төрешілердің бірі. Естеріңізге сала кетейік, жарыстың ақтық сыны 23 сәуірде өтеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі