- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 2015 жылдың 1-ші тоқсанында өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 157,1 млрд теңгенің өнімі шығарылды
Алматыда 2015 жылдың 1-ші тоқсанында өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 157,1 млрд теңгенің өнімі шығарылды
«Қаңтар-наурыз айларында бірде-бір сала көрсеткіші төмендеген емес. Осы кезең ішінде сауда мен көлік қызметі, құрылыс, байланыс және басқа да салалар айтарлықтай өсті. Өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 157,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Өңдеу өндірісінде өнім шығару 9,3% артты», - делінген хабарламада.
Инвестиция тартуда, ШОБ секторын несиелеуде оң тренд байқалады.
«Қала әкімдігі Даму қорымен меморандум жасаған болатын, соның арқасында алматылық бизнес қосымша несие ресурстарына қол жеткізе алады. Бүгінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың өзіміздегі барлық көздерін пайдалану өте маңызды», - деп атап өтті әкім.
Тұрғын үй құрылысында да алға жылжушылық байқалады. Мысалы, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 479,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1% көп. Құрылыстың негізгі үлес салмағы (78,4%) жеке меншік компанияларға тиесілі. Жыл аяғына дейін құрылыс саласының қарқынына «Нұрлы жол» бағдарламасы оң ықпал етпек, өйткені осы бағдарлама аясында 2015 жылы тұрғын үй құрылысына 10 млрд. теңге бөлінетін болады.
Бүгін әкім берген тапсырмалардың арасындағы маңыздылары - әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастыру, жыл аяғына дейін инфляция деңгейін 8% дәлізінде ұстау, жұмыс орындарын құру резервтерін іздестіру, «жасыл» көліктің үлесін артыру саясатын жалғастыру
«Мемлекет басшысы өткен аптаның аяғында жасаған жұмыс сапарының барысында Алматының дамуына жақсы бағасын берді. Бұл біз үшін қолжеткенге масайрау емес, бұрынғыдан да барынша тиімді жұмыс істеуге негіз болуы тиіс», - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есімов.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді