- Басты
- Жаңалықтар
- «Болашақ» үміткерлерін тіл бойынша даярлаудың жаңа үлгісі заң жүзінде бекітілді
«Болашақ» үміткерлерін тіл бойынша даярлаудың жаңа үлгісі заң жүзінде бекітілді
«Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап қазан айында квоталық санаттағыларды тіл бойынша даярлау жаңа 6+6 үлгісі бойынша жүргізіле бастайды. Алғашқы алты айды әр степендиант Қазақстанда Астана мен Алматыда өткізеді. Алты ай өткен соң тілдік даярлау шетелде жалғастырылады», - деді Ғ.Нығметов.
Осылайша тілдік даярлау жұмыстары квоталық санаттағыларға 18 айдан 12 айға дейін қысқарады. Өз бетімен түскендер тілдік даярлауды қажет етпейді.
«Бұл санаттағы оқуға түскендерге қатысты ешқандай өзгерістер жоқ. Сонымен қатар, ағымдағы жылы тәжірибеден өткізу жұмыстары жалғасады, ол инженерлерге, медицина және ғылыми-педагогика салаларының қызметкерлеріне арналған. Тіл бойынша талаптар ағымдағы жылы өзгертілмеді», - деп жалғастырды ол.
Бұдан басқа, оның айтуынша, «Болашақ» халықаралық стипендиясын әр санат бойынша алғашқы беру нормасы алынып тасталды.
«Яғни, ертеректе «Болашақ» бағдарламасы аясында магистр немесе PhD доктор дәрежесін алмағандар бағдарлама аясында тең құқылы дәрежені ала алмайтын. Мұндай норма бұдан былай алынып тасталды. Болашақ бағдарламасы аясында алынбаған магистр және PhD дәрежесі бар үміткерлер Болашаққа тапсыра алады», - деп толықтырды ол.
Сондай-ақ, Ғ.Нығметов хабарлағандай, доктарантураға тапсырып жатқан үміткерлердің сынақтан өту балы 5-тен 4-ке дейін төмендетілді.
«Бұл өзгерістер доктарантураға түскен көптеген үміткерлерге бізге келуге септігін тигізеді, осылайша докторанттар саны артады», - деп түйді «Халықаралық бағдарламалар орталығы»АҚ президенті Ғани Нығметов.
Естеріңізге сала кетейік, 13 сәуірде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау бойынша құжаттарды қабылдау басталды. 2015 жылдағы байқаудың іріктеуі 13 сәуірден 1 қазан аралығында өтеді.
Камила Амирова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер