«Мәңгілік ел» идеясы жалпыхалықтық идеяның іргелі негізі болып табылады

21 Сәуір, 2015 11:24
«Мәңгілік ел» идеясы жалпыхалықтық идеяның іргелі негізі болып табылады, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бурханов «Мәңгілі ел»- қазақстандық құндылықтар жүйесі» атты әлеуметтанушы және саясаттанушы сарапшылардың астаналық форумында.

«Кез-келген мемлекеттің немесе кез-келген елдің өміріндегі идеологияны әсірелеп көрсетуге болады. Барлығы да қандай да бір мемлекеттің азаматтарының өмір салтын нақтылайтын тұрғындарының өмірге деген көзқарасына, құндылықтар жүйесіне  байланысты. Осы тұрғыдан алғанда «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеяның іргелі негізі болып табылады және ол тарихи ұрпақ жалғастығын анықтаушы фактор болуы керек»,-деді Мәжіліс депутаты.

Осылайша, форумға қатысушылар «Мәңгілік ел» жалпыұлттық жобасының негізгі құндылықтарын, қазақстандық этникааралық келісім идеясының қоғам тарапынан қабылдануын, халықты біріктіруші идеяны қазақстандық патриотизмді қалыптастырушы ретінде талқыға салды.  

Мәжіліс депутаты Серік Седумановтың пікірінше, дамыған мемлекеттердің тәжірибесі бүкіл қоғам болып қабылдаған құндылықсыз, ұлттық идеясыз үлкен белестерді бағындыру мүмкін емес екендігін көрсетіп отыр. Қазақстан – сәтті дамып келе жатқан мемлекет, посткеңестік кеңістіктегі көшбасшылардың бірі, алайда, бізді алдыда бұдан да үлкен міндеттер күтіп тұр. 

«Біз әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіміз керек. Біз бүгінгі қоғамымыз арқа сүйейтін құндылықтарды іздестірудеміз. Бұл идеяны 2014 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Енді оны жүзеге асырудың тетіктерін табу керек. Осы мәселелерді біз қазір форум барысында зерттеп, талқылаудамыз»,-деді Мәжіліс депутаты.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 17-қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік ел» патриоттық актісін дайындап, қабылдауды ұсынды. 

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар