• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақмыс Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Жезқазғандағы Даңқ алаңының маңына тоғай орнатты

Қазақмыс Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Жезқазғандағы Даңқ алаңының маңына тоғай орнатты

21 Сәуір, 2015 12:58
Ұлы Жеңіс құрметіне «Қазақмыс корпорациясы» ағаш отырғызу жөнінен көлемді жобаны бастады. Алғашқы құрылысшылар алаңындағы саябаққа Кеңгір су қоймасы жағалауындағы Даңқ алаңы маңындағы тоғай қосылады, деп хабарлады компания.

Корпорация  жұмыскерлерінен  жасақталған еңбек  десанты (тобы) бір апта бойы  ағаш  отырғызылатын аймақты даярлады. Бір апта  бойы  төрт  жүздей  адам үш гектар көлеміндегі аймақты күл-қоқыстан  тазартып,отырылатын ағаштарды суаратын   су құбырларын  тартты.

«Бұл  жоба  Жезқазған  қаласы  төңірегін көгалдандыру сенбіліктерінің  қайта  жаңғырған  салтына айналмақ. Қала  маңын көгалдандырудың  алғашқы  шыбығы  70-жылдарда  отырғызылған  болатын. Ол кезде  сол ағаштардың  отырғызылуына, сақталуына  және  суарылуына  Жезқазған кен-металлургиялық комбинаты  жауапты  болды. Әрбір отырғызылған шыбық есепке алынып,жалпы саны  қатты  қадағаланды», - делінген хабарламада.

Қаланың  көгалдандырылуын  қаланың  ақсақалдары  қуаттады, игі істің  басында  алғашқы болып Леонид Ракутин  мен Николай Ярмак  тұрды. Екеуі  де  осыдан  40-жылдай  бұрын  болған оқиғаны еске  алып, бүгінгі  қарқын  сол жылдардағы  сенбіліктерді еске  түсіргенін әңгімеледі.

 Су  қоймасының  жағалауына  сәуірдің  21 күні  жүздеген  қалалықтар жиналды. Үш гектар көлеміндегі  аумаққа  екі жарым мыңдай  көшеттер, негізінен қараағаш  пен  үйеңкі    отырғызылды.

Бұл ағаш  отырғызудың  бастамасы  ғана, Жезқазған аймағын  көгалдандырудың   жалпы  жобасы  2-3 жылға есептелген. Кейіннен көгалдандыру  ауқымы  ұлғайып, барлық  жағалауға  отырғызылып, жалпы  аумағы  100 гектар  жерді  қамтиды. Кейіннен  тағы  100 мыңдай  жапырақты, қылқан жапырақты көшеттер  отырғызылады.

 

Барлық жаңалықтар