СҚО тұрғындарының кірістері 5 жыл ішінде 13 пайызға артты

21 Сәуір, 2015 11:53
Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының номиналды ақша кірістерінің көлемі тұрақты өсіп, соңғы 5 жыл ішінде өсім 13 пайызды құрады, деп хабарлайды облыстың статистика департаменті.

2014 жылы алдын ала есептеулер бойынша облыстағы жан басына шаққандағы орташа номиналды ақша кірістері 50 мың 518 теңге болған және бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7 пайызға көп. Ал нақты ақшалай кірістер аталған мерзімде 0,1 пайызға артқан.     

2014 жылғы үй шаруашылығы бойынша ішінара жүргізілген тексеру жұмыстары, тұрғындардың кірістерінің негізгі бөлігін немесе 66,8 пайызын қызмет ету арқылы келетін кірістер құрап отырғандығын көрсетті, 27,3 пайызын әлеуметтік трансферттер құрайды (зейнетақы, шәкіртақы, мемлекеттік әлеуметтік көмкектер), 4,2 пайызы туыстар тарапынан жасалатын материалдық көмектер, ал алименттер мен өзге  де кіріс көздері (жеке мүліктен келетін кіріс, ақшалай түсімдер) 1,7 пайызды құрайды.  

 

Барлық жаңалықтар