- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның ТЖД офицерлері ҰОС ардагерлеріне медальдар тапсырды
ШҚО-ның ТЖД офицерлері ҰОС ардагерлеріне медальдар тапсырды
Марапатталғандардың ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ТЖ қызметінің зейнеткері Қабатай Қалдыбаев, ол биыл өзінің 97 жасқа толуын атап өтеді. Қабатай Қалдыбаев майданға 1942 жылы атақты «Максим» пулетеметшісі болып аттанды. Краснодар, Новороссийск түбіндегі ұрыстарға қатысты, сол жерде жарақат алды.
Сонымен бірге, марапаттау тізімінде 12 тыл еңбеккері бар, олардың ішінде Аникина Мария Васильевна. Қырық үшінші жылы Курск ұрысы болып, Сталинград шайқасы болып жатты. Бұл кезде он алты жасар Маша Аникина балық-консерві зауытында жұмыс істеп журген. Оның жұмысы ең ауыр жұмыстың бірі болатын. «Тұрмысымыз ауыр болды, көптеген адамдар аштықтан қырылып жатты, алайда біз ешқандай жұмыстан қорықпадық, майданды қамтамасыз ету үшін денсаулықты да күшті де аямадық. Күндіз-түні, ыстықта да, суықта да, жаңбыр, боранда да жұмыс істедік. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» - осы ұран біз үшін норма болды.
«Жауынгерлер Отанды қорғау үшін жанкешті соғысып жатты, оларға киім, дәрі-дәрмек, тамақ қажет болды. Осының барлығын тылдағылар қамтамасыз етті», - деп бөлісті Мария Аникина. Жас Мария Аникина соңы көрінбейтін консерві банкасын бұрауға беріп тұратын конвейерде 12 сағаттан тұрды.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медальдардан басқа ШҚО ТЖД басшылығы мен Өскемен қаласы әкімінің атынан сыйақы мен құттықтау хаттары табысталды.
Қартайған жастарына қарамастан, Ұлы Отан соғысының ардагерлері әлі де белсенді өмір салтын кешуде, қоғамдық шараларға, ТЖД жеке құрамымен кездесулерге қатысады, өздерінің өмір тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпаққа тәлім тәрбие береді.
-
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Тоқeев Ливaндағы қазақстандықтардың қауiпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды -
Тоқаев карантинді ұзартуды тапсырды -
Шөкеев Түркістан облысында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды -
Нұрсұлтан Назарбаев темір жол транзитінің әлеуетін арттыруды тапсырды -
А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды -
Е.Тоғжанов карантин талаптарын қатаң сақтауды тапсырды -
Б. Сапарбаев “Арай" тұрғын үй алқабындағы сапасыз жолдарды жөндеуді тапсырды -
А. Мамин өңірлерге «ақылды қалалар» эталондық стандартын сапалы енгізуді тапсырды -
ИНФОГРАФИКА: ҰОС-қа үлес қосқан қазақстандықтар -
ҰОС қатысушыларына 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді -
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден төленеді -
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды -
Қазақстан Елшісі Владмимр Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды
-
А. Мамин әкімдерге ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды