«Жасыл» экономика коалициясы мен Ақмола облысы меморандумға қол қойды

21 Сәуір, 2015 10:22
«Жасыл» экономика мен G-Global дамыту коалициясы мен Ақкөл әкімдігі меморандумға қол қойды, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

Шара  аясында  «Ауыл балаларына зәмзәм су» жобасы басталды. Аталмыш жоба  Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы мен «Кока-Кола» Халықаралық қорының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Аталып өткендей, жоба аясында 24 жалпы білім беретін мектеп пен 4 балабақшада су тазартатын құрылғы орнатылады,  ол 25 мың оқушыны, Ақмола облысы мен Ақкөл ауданының тұрғындарын да таза ауыз сумен қамтиды. Сондай-ақ, 28 экологиялық клуб құрылды, оның негізінде «Таза су-сау отбасы» ұраны бойынша сабақ ашылады.

Сондай-ақ,  «Ауыл балаларына зәмзәм су» жобасын басқару комитеті ашылды.

 

Барлық жаңалықтар