• Басты
  • Жаңалықтар
  • Батыс Қазақстан облысы Хан Ордасы ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Батыс Қазақстан облысы Хан Ордасы ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

9 Қазан, 2013 18:53
Бүгін, 9 қазанда БҚО Бөкейорда ауданы Хан Ордасы ауылында тәулігіне 35 адамды қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді, деп хабарлайды БҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

«БҚО Бөкейорда ауданы Хан Ордасы ауылында тәулігіне 35 адамды қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. Дәрігерлік амбулатория 4 мыңнан астам халыққа қызмет көрсететін болады», - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау мекемесінде кардиология, гинекология, физиотерапевтикалық кабинет пен лаборатория жұмыс істейді. 

Барлық жаңалықтар