- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды (ФОТО)
Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды (ФОТО)
КҚО кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бизнесмендер мен кәсіпкерлікті енді ғана бастаған азаматтарға тегін қызметтер көрсетіледі.
Аршалы ауданының кәсіпкерлікті қолдау орталығының директоры Р.Оспановтың айтуынша, орталық кәсіпкерлікке бел буған тұрғындар мен кәсіпкерлерге ақпараттық-консультациялық көмектер көрсету мақсатында ашылып отыр.
«Орталық мамандарының басты қызметі онда келішулерді бизнесті ашу, оны жүргізу, бизнеспен айналысу барысында мемлекеттік қолдауларды пайдалану, мемлекеттің қолдаулардың түрлері, ондағы құықтық мәселелер, қаржы институттарымен қалай жұмыс істеу қажет деген сияқты және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында ақыл-кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде Аршалы ауданының аймағында 350 кәсіпкерлік қызмет нысаны бар. Енді оларға өздерінің мәселелерін жедел түрде шешетін мүмкіндік пайда болды. Сондай-ақ азаматтар жұмыс барысында пайда болған қиындықтар бойынша немесе қандай да бір күрмеулі мәселелер бойынша кәсіпкерлікті қолдау орталығына қайырыла алатын болады,-деді Р.Оспанов.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында іскерлікті енді бастап келе жатқан азаматтар үшін бизнес-мектептері ашылып, арнайы бағдарламалар бойынша оқыту жұмыстары жолға қойылады.
Орталықтың штатында бір жетекші мен 3 маман бар. Ондағы қызметтер мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетіледі.
Р.Оспановтың пікірінше, орталық тиімді жұмыс істейтін болса, ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына игі ықпалын тигізеді, шағын және орта бизнестің рөлі артып, сандық және сапалық көрсеткіштер жақсарады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда