• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Дауылбаев ТМД-дан Байқаушылар миссиясының Штаб Басшысын сайлау процесі заңдылығын қамтамасыз ету бойынша ақпараттандырды

А. Дауылбаев ТМД-дан Байқаушылар миссиясының Штаб Басшысын сайлау процесі заңдылығын қамтамасыз ету бойынша ақпараттандырды

21 Сәуір, 2015 09:51
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында ТМД-дан Байқаушылар миссиясының Штаб Басшысы Евгений Слободамен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында Бас Прокурор сұхбаттасушысын азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша, соның ішінде сайлау процесіне қатысты өтініштерді қарау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы ақпараттандырды.

А.Дауылбаев өз сөзінде қадағалау қызметінің негізгі екпінді  бұзушылықтардың алдын алуға және оларға жол бермеуге жасалғанын, осыған байланысты прокурорлардың құқық түсіндіру жұмысының күшейтілгенін атап өтті.

Е.Слобода ТМД Байқаушылар миссиясының міндеттері мен жұмыс қағидалары туралы айтып берді, сондай-ақ Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудың дайындығы мен өткізуіне қатысты алдын ала әсерлерімен бөлісті.

ТМД Байқаушылар миссиясының Штаб Басшысы сайлау заңнамасын қолдану және оны бұзудың мүмкін фактілері туралы басты қадағалау органында бар ақпаратты алуға мүдделілік танытты.

Пікір алмасу барысында Е.Слобода сайлау процесі заңдылығын қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарына барынша толық жауаптар алды, сондай-ақ мағыналы сұхбат үшін ризашылығын білдірді.

 

Барлық жаңалықтар