- Басты
- Жаңалықтар
- ҚДБ қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға 20 млрд теңге бөледі
ҚДБ қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға 20 млрд теңге бөледі
Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы соманың 15 млрд теңгесі Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді сатып алуға жеке тұлғаларға несие беру үшін алты коммерциялық банкке, 5 млрд теңгеге дейін - арнаулы мақсаттағы автокөлік пен автотехниканы (ауыл шаруашылық техникасын қоспағанда) лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға «ҚДБ-Лизинг» компаниясына жолданады.
«ҚР Үкіметімен бекітілген отандық өндірісінің жеңіл автокөлікті сатып алуға жеке тұлғаларға несие беру шарты, келесі: атаулы сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 14 %-дан аспайды, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлемесі (барлық комиссияларды, сақтандыру мен автоны кепілге рәсімдеуді қамтиды) – 7,5%-дан аспау керек. Несие беру мерзімі – 5 жылдан аспайды, қарыз валютасы – теңге, міндетті бастапқы жарна – сатып алатын автокөлік құнынан 20%-дан аспайды», - делінген хабарламада.
Қарыз алушыларға құрастыруы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ жүргізілетін «Kia», «Chevrolet», «Skoda», Hyundai, «SsangYong», «Peugeot» және т.б. сияқты бренд автоларының 55 моделі ұсынылады. ҚДБ www.kdb.kz сайтында авто моделдерінің толық тізбесімен танысуға болады.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің лизингке арнаулы мақсаттағы автокөлік пен автотехниканы сатып алу шарты келесі: лизинг мерзімі – 3 жылдан 5 жылға дейін, атаулы сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%-дан аспайды, қаржыландыру валютасы – теңге. Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг затының құнынан 30%, негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік кезеңі– 6 айға дейін, қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік және агенттік қызмет көрсету) лизинг алушы есебінен төленеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары