• Басты
  • ҚР ОСК: Шет мемлекеттерден бақылаушыларды аккредиттеу аяқталды
21 Сәуір, 2015 08:36

ҚР ОСК: Шет мемлекеттерден бақылаушыларды аккредиттеу аяқталды

2015 жылғы 20 сәуірде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу аяқталды, деп хабарлады ҚР ОСК баспасөз қызметі.

ҚР ОСК: Шет мемлекеттерден  бақылаушыларды аккредиттеу аяқталды | Strategy2050.kz

2015 жылғы 20 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы»  қаулы қабылдады, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды байқау жөніндегі екі Миссиядан, бір халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен тағы 146 байқаушы аккредиттелді.

Олардың ішінде 79-ы – Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Миссиясынан, 39-ы - ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, 3-еуі – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, сондай-ақ 18 байқаушы – АҚШ, 3-еуі – Ресей Федерациясынан және екеуден – Әзірбайжан Республикасы мен Украинадан.

Жалпы алғанда, Ортсайлауком 858 байқаушыны аккредиттеді, олардың 293-і - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  Миссиясының, 410-ы – ТМД Миссиясының және 10-ы - ШЫҰ Миссиясының,              15-і - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің, 11-і – Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының, 3-еуі – Ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілдері және  37 шет мемлекеттен 116 байқаушы.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 37 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 168 өкілі аккредиттелді.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің 1026 байқаушысы байқауды жүзеге асырады.

20 сәуірдегі Ортсайлаукомның отырысында сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының байқаушысы В.В. Терешкованың аккредиттелуін жою және Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына заңмен белгіленген тәртіппен комиссияның жаңа мүшесі сайланғанға дейін С.У. Оспанованы тағайындау туралы шешімдер қабылданды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды