- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылдың соңына дейін Ляньюньган порты арқылы өтетін транзиттік тасымалдың көлемі 250 мың контейнерге жетеді
2015 жылдың соңына дейін Ляньюньган порты арқылы өтетін транзиттік тасымалдың көлемі 250 мың контейнерге жетеді
«Бүгінде көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында Қазақстан мен Қытай темр жол және логистикалық инфрақұрылымды құрды. Ол 40 млн тоннадан артық жүкті тасымалдауға мүмкіндік береді. Қытай мен Ресей, Парсы шығанағы, Еуропа шығанағы бағытындағы тасымалдаудың Қазақстанның қатысуы арқылы күн санап өсуі көлктік-транзиттік дәліз құруды қажет етеді», - деді ол.
Оның айтуынша, 2014 жылы темір жол жүйесін оңтайландыру үшін жаңа темір жол желілері қосылды. «Ол «Оңтүстік-Солтүстік» және «Шығыс-Батыс» тасымалын 1000 км дейін тиімді етеді», - деді ол.
Орынбасаров атап өткендей, Балтық теңізі, Парсы шығанағы жағалауындағы логистикалық терминалдардың құрылуы Тынық мұхитына жолды ашып, экспортты арттыра түседі.
«Өткен жылы транзиттік контейнерлердің көлемі Ляньюньган порты арқылы 70 мың контейнерді құрады. Осы жылы ол көлемді 250 мың контейнерге жеткізу жоспарланған. Ляньюньган порты, «Қорғас-Шығыс қақпасы» мен Ақтау порты Орта Азияға жүк тасымалын жеңілдете түседі», - деді ол.
Сондай-ақ, Б.Орынбасаровтың айтуынша, ҚТЖ бизнесті тарнсформациялау үдерісін жүргізуде. Компания таза темір жол сервисінен транспорттық-логистикалық мультимодальдық түрге көшуде. Ол әуе және автотасымалдауды ықпалдастыруда.
«Біз транскаспий бағытына көп көңіл бөлудеміз. 2013 жылы біз құрғақ жүруші компания құрдық. Қазіргі таңда Каспийге тасымалдау жүзеге асуда. 2020 жылға қарсы олардың санын 20 бірлікке жеткіз жоспарланған», - деді ол.
Ақтау порты аймақтағы маңызды құрылым, ол Каспийге бағытталатын жүктің 25 пайызын тасымалдап отыр, ҚТЖ осы жылы портты кеңейтуді аяқтайды. Осыған орай қуаттылық жылына 21 млн тоннаға жетеді.
Индира Қауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті