- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа 230 техника бірлігі қатысады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа 230 техника бірлігі қатысады (ФОТОРЕПОРТАЖ)



«Біз қазір жаттығу алаңындамыз. Бүгін кезекті жаттығуды өткізудеміз, оған 230 техника бірлігі жұмылдырылды. Парадты құрайтын техникалық бөлім екіге бөлінеді: тарихи және заманауи», - деді ҚР Қарулы Күштері құрғақ әскер қолбасшылығының орынбасары Асылбек Сатыбалдинов.



Әскери техниканың көшін Т-34 тарихи танкісі бастайды.
Тарихи парадты сондай-ақ, ЗИС-2 пушкаларымен және М-30 гауубицаларымен ЗиЛ-157, «Катюша», «Максим» пулеметі, РБД, ППШ- пистолет-пулемет-Шпагина сүйемелдейді.



Полковниктің айтуынша, механиктер мен жүргізушілердің мойнында үлкен жауапкершілік тұр. Олар бірдей ара-қашықтықты ұстап, бірдей жылдамдықпен қозғалулары керек.



Қораптардың интервалы 15 метр, көліктердікі-20 метр. Сапта 350 жеке құрамның жүргізушісі жұмылдырылған.


Механизацияланған парадтың уақыты 16 минутты алады.

«Бұл жерде тарихи бөлім жұмылдырылған. Біз қарулардың жаңа түрін таныстырудамыз», - деді ол.

Жаттығуға бас-көз болатын ҚР ҚК құрғақ әскер қолбасшысы Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Ведомствода хабарланғандай, парадта техникалық құрылым бірыңғай механизмнен тұруы керек. Себебі, жүргізушілердің жоғары біліктілік деңгейі қажет.
Осы мақсатта Астанаға әскери бөлімшелерден үздік мамандар жіберілді.

Айта кетейік, осы жылы Астанада 7 мамыр күні әскери парад өтеді.
Автор Ботагөз Айтжанова
Фото: Азамат Әлиев
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады