- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін жүк көлемі 10 миллион тоннаға жетеді
2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін жүк көлемі 10 миллион тоннаға жетеді
«Ежелден Қазақстан аймағы арқылы Жібек жолы атауымен белгілі керуен өтетін және аталмыш бағыт Еуразия өңіріндегі сауда бағыттарының дамуына тарихи ықпал етті. Бүгінде Еуразия материгінің орталығын терең бойлай орналасқандығына және теңізге шығатын жолдың жоқтығына қарамастан, Қазақстан осы өңір арқылы жер үстімен өтетін бағыттардың тарихи маңызын қайта жандандыруды мақсат етіп отыр. Әлемдік экономиканың екі полюсімен бірге Еуразияның орталығында орналасқан Қазақстан транзиттік әлеуетін арттыруға үлкен ықпал етуде»,-деді Б.Орынбасаров.
Оның айтуынша, сарапшылар аймақта сауда айналымы 1,5 есеге артып, 2014 жылы 800 миллиард АҚШ долларына жететіндігін, ал 2020 жылы триллион доллардан көп болатындығын болжауда.
«Біз 2020 жылға дейін қазақстандық бағыттар арқылы өтетін жүк көлемін 10 миллион тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде бұл жүк көлемі 117 миллион тоннаны құрайды алайда, оның 90 пайызы теңіз көліктерінің үлесінде. Біз алдыға қойып отырған мақсаттарға жету үшін дамыған ұлттық-логистикалық инфрақұрылым қалыптастырып, оны халықаралық көлік жүйесіне ықпалдастыру қажет»-деді Б.Орынбасаров.
Көлік-логистикалық кешеннің бұл саласы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында көрініс тапты.
«Осыған байланысты ҚТЖ 2020 жылға дейін 36 миллиард долларлық ауқымды жобаны жүзеге асырмақшы. Жобаға инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастауға бағытталған бәсекеге қабілетті қызмет көрсете алатын және тасымалдардың көлемін арттыруға мүмкіндік беретін ірі инвестициялақ жобалар кіреді»,-деді вице-президент.
Естеріңізге сала кетейік, «Еуразияның көлік дәліздері: ынтымақтастықтың жаңа бағыттары» атты халықаралық конференция Қазақстан мен Еуразия елдерінің көлік дәліздерін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»