- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды
Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды
Биыл Қазақстандағы Еуропалық иммундау апталығы «Алдын алу, қорғау, егу» ұранымен өткізіледі. ЕИА аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында мамандар кеңес беретін ашық есік күндері өткізіліп, халық көп жиналатын жерлерде медициналық қалашықтар ұйымдастырылып, тақырыптық бейне және аудио роликтер көрсетіледі. Перзентханаларда, перинаталдық орталықтарда, ауруханалардың балалар бөлімдерінде және емханаларда ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, иммунопрофилактиканың пайдасы туралы дәрістер оқылады.
Аталып өткендей, Қазақстанда жыл сайын 5 млн. адамға, оның ішінде 1,3 млн. балаға инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалады. «Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат аурудың алдын алуға, ал елге сырттан әкелінген жағдайда оны таратпауға және жоюға бағытталған. Тұрғындарды вакцинациялау Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 21 инфекциялық ауруға қарсы тегін жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Екпе жасалатын инфекциялардың атауы мен мерзімі ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Профилактикалық екпелер жасалатын аурулар тізімін, оларды өткізу ережесін және жоспарлы екпе жасауға жататын тұрғындар тобын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген.
Ведомстводан хабарлағандай, республикада тұрғындарды иммундауға ҚР-да мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар ғана пайдаланылады. Оған қоса, балаларды кепілдік берілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өндірісін ДДҰ сертификаттаған вакциналарды ғана сатып алады. 2013 жылдан бастап Қазақстанға әкелінетін вакцинаның әрбір партиясы үшін олардың қауіпсіздігі мен сапасын міндетті түрде сертификаттау талабы енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, ммундау апталығы ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының бастамасымен соңғы он жыл ішінде (2005 жылдан) сәуір айының соңында өткізіліп келеді. Жыл сайын ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросына мүше 53 мемлекет ЕИА-на қатысады. Соңғы жылдары бұл бастамаға өзге құрлықтарда орналасқан елдер де қосылуда.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша