- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда базалық зейнетақының бағамын 2017 жылы 1,7 есеге арттыру жоспарланып отыр – ДСӘДМ
Қазақстанда базалық зейнетақының бағамын 2017 жылы 1,7 есеге арттыру жоспарланып отыр – ДСӘДМ
«Базалық зейнетақыны белгілеу саясатының 2017 жылдың 1-шілдесінен бастап, өзгеруіне байланысты барлық зейнет жасына шыққан зейнеткерлер үшін зейнетақыны белгілеудің тетігі де өзгереді. Осылайша, зейнетақы алатын азаматтардың 37 пайызы үшін олардың көлемі өмір сүрудің ең төменгі көрсеткішінің 100 пайызына дейін көтеріледі. Бұл дегеніңіз базалық зейнетақы 1,7 есеге артады деген сөз»,-деді С.Жақыпова.
Вице-министрдің сөзінше, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2017 жылы қосымша 137,4 миллиард теңге бөлінеді.
«Мұндай шара үлкен жұмыс өтілі бар, алайда төмен зейнетақы алатын зейнеткерлердің мәселелерін шешуге, зейнетақының мөлшерін анықтауға, зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыруға мүмкіндік береді»,-деді министрдің орынбасары.
Бұған қоса жұмыс берушінің азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету рөлін нығайту мақсатында 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жұмыс берушілерге 5 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақылық жарналарды енгізу арқылы жаңа шартты-жинақтау жүйесін іске қосу көзделіп отыр.
Осылайша, жұмысшылар зейнеттік жасқа келгенде және оның еңбек өтілі 5 жылдан кем емес болғанда, зейнетақылық шартты-жинақтау жүйесіне қатысу мөлшері шартты зейнетақылық есебі мен өмір сүру ұзақтығына, зейнеталық міндеттемелерге байланысты болады.
Камила Амирова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті