- Басты
- Жаңалықтар
- «Болашақ» бағдарламасы Қазақстан жастары үшін өркендеу тетігі іспеттес – Бишімбаев
«Болашақ» бағдарламасы Қазақстан жастары үшін өркендеу тетігі іспеттес – Бишімбаев

«Жастар мемлекеттің қамқорлығын сезінсе, өзінің болашағына сеніммен қарайтын болса, ондай мемлекет өзінің болашағын ойлаймын мемлекет. Міне, Қазақстан тап осындай ел. Біздің мемлекетімізде оқып, білім, алып қандай да бір мамандықты меңгеріп, сол мамандық бойынша өсіп-өркендеу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Менің өзім оқып, білім алған «Болашақ» бағдарламасы осы сөзімнің жарқын дәлелі бола алады»,-деді Бишімбаев.
Холдинг басшысының айтуынша, «Болашақ» бағдарламасымен білім алған жүздеген жастар ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда жұмыс істеуде. «Бүгінде көптеген «Болашақ» бағдарламасының түлектері мемлекеттік қызметтегі лауазымды қызметтерді атқарып жүр, көптеген түлектер кәсіпкерлікпен де айналысуда. «Болашақ» бағдарламасы көптеген жастардың өсіп-өркендеуінің тетігі іспеттес болып отыр»,-деді Басқарма төрағасы.
Бұл ретте ол «Болашақ» бағдарламасының түлектері 11 мың адамды құрайтындығын оның 8 мыңы оқып, біліп алып, елімізде қызмет етіп жүргендігін, ал 2 мыңы шет мемлекетте оқып жатқандығын айтып өтті.
«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Қазақстан -2050» стратегиясы» идеясын көтерді. Ол біздің дамуымыздың, әлемдегі бәсекеге қабелетті 30 елдің қатарына кірудің бағдарламасы. Сондықтан бұл бағдарлама негізінен жастарға бағытталған деуге болады. Сіздер алған білімдеріңізді пайдалана отырып, осы мақсатты жүзеге асырасыздар»,-деп жалғады ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының қолдауымен «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандар форумы өтті. Оған 400-ден астам Президенттің «Болашақ» бағдарламасының степендианттары, «Дарын», «Жас тұлпар» мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

