- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігі алғашқы 88 жер телімін сатылымға шығарады
Астана әкімдігі алғашқы 88 жер телімін сатылымға шығарады
Кеңес барысында әкім шағын және орта бизнесті дамыту үшін жер телімдерін ұсынуды ұйымдастыру және бұл жұмыстың тазалығы мәселесіне тоқталып өтті.
«Біз бәссаудаға қойылатын алғашқы 88 жер телімін анықтап қойдық. Олардың сипаттамасы, орны және сатылымға қатысу ережелерімен қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында танысуға болады», - деді әкім.
Қала тұрғындарына бұл ақпартатты барынша түсінікті етіп жеткізу керек. Сонымен қатар, әр түрлі бұрмалауларға жол бермеу керек.
Осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында жер телімдері ұзақ уақытқа жалға берілетін болады, ал, егер олар игерілмейтін болса, мемлекет оны қайтарып алып, қайта бәссаудаға қоюға құқылы. Сатылымдар әр апта сайын өткізіледі.
Су тасқынына қарсы шараларды айта келе, әкім кешенді жоспар аясында жасалып жатқан жұмыс бақылауда екенін атап өтті. Қалалық құрылымдардың жақсы жұмысының арқасында Ильинка кенті су тасқынынан аман қалды. Қалада су басу мен төтенше жағдайларға жол бермеу үшін барлық шаралар қолданылуда.
Елорда әкімінің тапсырмасымен, қала тұрғындарының шағымдарына байланысты қала жолдарын шұғыл жөндеуден өткізу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 116 мекен-жай бойынша жұмыстар атқарылды, қалған жолдар бойынша жөндеу жоспарлы тәртіпте жүргізіледі.
Өткен жалпықалалық сенбілік қорытындысын шығара келе әкім «Біз таза қаланы қолдаймыз!» экологиялық айлығы жалғасатынын еске салып, оның аясында жасалуға тиіс жұмыстарды белгілеп берді.
«Айлық барысында қаланың лас бөліктерін қамтып, қоқыстарды жою керек», - деді қала басшысы.
Сонымен бірге, әкім көпірлер мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау, ғимараттарды қаптайтын материалдарды, маңдайшаларды ауыстыру және басқа да жұмысқа назар аударды.
Алдағы маңызды оқиғалар - ҚР Президентінің сайлауы, Қазақстан халқы бірлігі күнін тойлау, Жеңістің 70 жылдығы секілді атаулы күндерге қаланы дайындау жұмыстарына ерекше тоқталып өтті.
«Астана елорда ретінде барлық жағынан үлгі болуы тиіс. Алда жоғары деңгейде өткізілуі тиіс бірқатар шаралар бар. Жауапты органдарға алдағы шаралардың тиісті деңгейде өтуін ұйымдастыру бойынша шара қолдануды тапсырамын», - деп қорытындылады әкім.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді