Елбасы Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр ескерткішіне гүл шоғын қойды

20 Сәуір, 2015 16:41
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Жамбыл ауданына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы сапар барысында Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр ескерткішіне гүл шоғын қойды, сондай-ақ Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаев кесенесіне барып, ескерткішін көрді. 

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ  ауыл тұрғындарымен әңгімелесіп, мемлекет халық тұрмысын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы ауылды дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын атап өтті. 

 

Барлық жаңалықтар