- Басты
- Жаңалықтар
- А.Сәрінжіпов: Қазақстан – жастар үшін зор мүмкіндігі бар ел
А.Сәрінжіпов: Қазақстан – жастар үшін зор мүмкіндігі бар ел
«Менің пікірімше, Қазақстан – жастарға зор мүмкіндік беретін ел болып саналады. Бүгін оқимын десең, әр өңірде зияткерлік мектептер ашылды, жоғары оқу орнына барамын десең, мемлекет грант бөледі. «Назарбаев университеті» сияқты оқу орындарында оқи аласың. Ғылымға бет бұрамын десең, қазіргі заң бойынша ашық конкурстарға қатысып, ғылыми грант ала аласың. Спортпен шұғылданамын десең де, мәдениет қызметкері боламын десең де, жаңа стадиондар, театрлар ашылып жатыр. Ал, кәсіпкер, бизнесмен боламын десең, қоғам сіздерге бар көмегін береді», - деді А.Сәрінжіпов.
А.Сәрінжіпов атап өткендей, Қазақстан шынымен де мүмкіндіктер елі, жастар алып жатқан білім елдің гүлденуіне бағытталуы керек.
«Мемлекеттің білім саласына салып жатқан инвестициясын жастар он еселеп қайтаруы керек. Біз өзіміздің талантымыз бен еңбекқорлығымызды еліміздің гүлденуіне арнаймыз», - деді БҒМ басшысы.
Айта кетейік, бүгін Астанада БҒМ қолдауымен «Білімді жастар - мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандардың форумы болып өтті. Шараға 400 степендиат, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері мен «Жас тұлпар» халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары қатысты.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет