- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы 5 мыңға жуық студент «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша оқуға жіберіледі- Сапарбаев
2015 жылы 5 мыңға жуық студент «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша оқуға жіберіледі- Сапарбаев
«Соңғы уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша БҒМ тарапынан «Серпін-2050» бағдарламасы қабылданды. Біз сіздермен бірлесіп көші-қон үдерістерін талдауымыз керек. Бұл бірінші кезекте экономикасы оңды аймақтарға қатысты. Оңтүстік өңірлерде кадрлар тым көп, сондықтан мамандарды оған зәру болып отырған аймақтарға жіберу керек. Қазіргі таңда мұндай аудандардың қатарына шығыс және солтүстік аймақтарды жатқызуға болады. Өткен жылы біз аталмыш бағдарлама бойынша 2050 адам жібергенбіз, биылғы жылы бұл көрсеткішті 5 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Сонымен қатар ол «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» сияқты бағдарламалар туралы да сөз ете келе, аталмыш бағдарламалардың да жақсы көрсеткіштерге ие болып отырғандығын айтып өтті.
«Еліміздің тұрғындарының 47 пайызы ауылда. Біз ауылды көтеруіміз керек. Елбасының бастамасын барлықтарыңыз қолдадыңыздар, соның нәтижесінде қазір сіздердің көптеген құрдастарыңыз ауылдық аймақта осы бағдарлама аясында жұмыс істеп жатыр. «Жасыл ел» бағдарламасы да жақсы жұмыс істеп тұр. Біздің еліміздің жері кең-байтақ, сол себепті біз жасылдандыру және экология мәселелерімен айналысуымыз керек»,-деді Б.Сапарбаев.
Оның сөзінше, қазіргі таңда аталған бағдарламаларға қатысушылардың оқу жетістіктері жаман емес.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының қолдауымен «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандар форумы өтті. Оған 400-ден астам Президенттің «Болашақ» бағдарламасының степендианттары, «Дарын», «Жас тұлпар» мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысты.
Индира Кауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы