- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Бюросында Парламенттің жоғарғы палатасының жұмысын жақсарту мәселелері талқыланды
Сенат Бюросында Парламенттің жоғарғы палатасының жұмысын жақсарту мәселелері талқыланды
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болды.
«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бас комитет болып белгіленді.
Қ.Тоқаев заңнама және регламент ережелерін бұлжытпай орындау арқылы Сенат жұмысының сапасын арттыруға Бюро мүшелерінің назарын аударды. Төраға жоғарғы палатаның жұмысында мән-мағынасыз асығыстыққа жол бермей, мемлекеттің саяси жүйесіндегі Сенаттың жоғары мәртебесін білікті шешімдермен ақтау қажет, деп санайды.
Алдағы Мемлекет басшысын сайлау, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын және Жеңіс күнінің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында Бюро мүшелеріне тапсырмалар берілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары