- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада әскери парад қатысушыларына арналған концерт өтті (Фото)
Астанада әскери парад қатысушыларына арналған концерт өтті (Фото)
Концертке құрметті қонақ ретінде Қарулы Күштердің ардагерлері мен майдангер шақырылды. Полтавадан Прагаға дейінгі ұрыстарда шайқасқан Михаил Калинин мен 1945 жылғы дәл Жеңіс күні жауынгерлік жарақат алған жергілікті ақмола тұрғыны Жүнісбек Кәрімов концертке шақыруды қуанышпен қабылдай отырып, ән – майдандағы сарбаздардың екінші қаруы болғанын атап өтті.
«Соғыс даласында әртістер қойған концерт жауынгерлік рухты көтеріп, күш пен сенімділікті нығайтты, сондай-ақ олардың отбасы мен туыстарына деген сағынышын жеңілдетті», - деді соғыс жылдарында майданда шайқасып, тылда еңбек еткен Қазақстанда танымал тілшісі, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Моисей Гольдберг.
ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов осынау концерт парадқа қатысушылардың жауынгерлік рухын арттырып, мақтаныш сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылғандығын атады.
Концертте сұрапыл соғыс жылдарындағы сарбаз бейнесі мен соғыс кезінен көріністер шынайы берілгені соншалық көрермен ардагерлеріміз бен әскери қызметшілер көзіне жас алды. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Кеңестер Одағының батыры, Халық қаһарманы генерал-майор Сағадат Нұрмағамбетовке арналған әнді көрермен тік тұрып тыңдады.
«Біз Ұлы Отан соғысы тақырыбын қастерлейміз. Біздің ардагерлеріміздің өмірлі жолы, кейінгі жас ұрпақтың, қазақстандық армия қатарындағы әскери қызметшілердің патриоттық сезімінің артқанын қалаймыз. Сол себепті осы концерттік бағдарламаны мұқият дайындадық», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің бастығы Еркебұлан Жұмакенов.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті