Шығыс Қазақстанда жаңа әлеуметтік қолдау көрсету жобасы іске қосылуда

20 Сәуір, 2015 15:23
Шығыс Қазақстанда әлеуметтік жоба жасақталды, оның аясында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарға кешенді қолдау шаралары көрсетіледі.

ШҚО-ның жұмыспен қамтуды үйлстіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлағандай,  жобаның мақсаты аймақтың аумағында қарастырылған барлық әлеуметтік қолдау шараларын қолжетімді ету және жеңілдету.

Аймақ басшысы  Даниал Ахметовтың айтуынша, жасақталған жобаны үстіміздегі жылдың жаз айында енгізу жоспарлануда. Көмекке қол жеткізген әр адамға «Қамқор» пластик қартасы беріледі. Онда оның иесі туралы толық қанды ақпарат болады. Жыл соңына дейін әлеуметтік карта кезең кезең бойынша енгізіледі, ал  2016 жылы толыққанды жұмыс істейтін болады.

«Карта үш кезеңде енгізіледі. Бірінші кезең (маусым-шілде)  дисконтты жүйені жасақтау, дәріхана иелерін, жергілікті азық-түлік өндірушілерін тарту және т.б. Екінші кезең (қыркүйек-қараша)  карта иелері бір реттік мақсатты және тұрғын үй көмегін, дәріханалардағы жеңілдетілген дәрі-дәрмектерді, ал аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар мектепте тегін тамақтану көмегіне ие болады. Үшінші кезең (желтоқсан)  сараптама кезеңі, мұнда жүргізілген жұмыс сараптамадан өтеді», - делінген ШҚО-ның Ақпраттық орталығының хабарламасында.

Басқармадан хабарлағандай, жаңа әлеуметтік қолдау көрсету жобасымен 200 мыңнан астам адам қамтылады. Олар ҰОС қатысушылар немесе соларға теңестірілгендер, 70-жастан асқан зейнеткерлер, 40 000 теңгеден төмен зейнетақы алатындар, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері мен қөп балалы отбасылар, тұрғын үйге зәру жандар және аз қамтамасыз етілген отбасылар.

 

 

Барлық жаңалықтар